0:00 / 0:00
Оралда антисептик шығарылады бастады. Жергілікті кәсіпорындар бірлесіп, тұрғындардың сұранысын өтемек.
Елімізде жұқпалы індеттің таралуына байланысты антисептик, медициналық маскаларға және бірқатар дәрі-дәрмектерге деген сұраныс артып, тапшылық туындады. Маска мәселесін өңірдегі жеңіл өнеркәсіп орындары шешуде. Қазіргі таңда волонтерлар мен тігіншілер тіккен жеке қорғаныш заттары жергілікті дәріханаларда саудаланып жатыр. Антисептик тапшылығы жойылу үшін өңірдің үш кәсіпорны бірлесіп жұмыс атқармақшы.
Сала мамандары қазіргі таңда бір күнге 100-ге жуық антисептиктің құтысын саудалағанын айтады.
Сала мамандары тәулігіне 600 литр антисептік жасап, дәріханаларда көптеп саттықа шығаруды жоспарлап отыр.