Шаһарымызда 1999 жылғы Зеленов ауданының тумасы алаяқтық фактісі бойынша құрықталды. Аталмыш азаматша екі бірдей әлеуметтік желіде Лена есімді акаунд ашыпты. Кейін, аталмыш бойжеткен балалардың киімін саудалаймын деп жалған жарнама орналастырып, қала тұрғындарынан тауар құнының бір бөлігін аударуды талап етіп отырған. Қазіргі таңда аталмыш бойжеткеннен 25 адам зардап шеккені белгілі болыпты. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде 18 жасар бойжеткеннен жапа шеккен азаматтар болса, Орал қалалық Ішкі істер басқармасына хабарлауды сұрайды.