0:00 / 0:00
Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағының веложол аумағында ұйымдастырылған қайырымдылық марафонына облыстық сот өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметшілері мен облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебінен келген 250-ден астам адам шықты. Жарыс басталмас бұрын марафонға қатысушылардың баршасы қайырымдылық жәшігіне өз үлесін қосты.
Іс-шараның мақсаты-ішкі істер органдары мен мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтына деген белсенділіктерін артырып, ізгілік пен адалдық ұғымын насихаттау.Таңның суығы мен жауған жауын-шашынына қарамай келген еріктілер, өздеріне берілген 2400 қашықтықты жүгіріп өтіп, межені бірдей бағындырды.
Марафонда жиналған бүкіл қаражат көмекке мұқтаж қоғам мүшелерін қолдауға тапсырылды. Шара «Адал жүрек» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.