Бұл апта бойы өткізілген «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасының барысында анықталған тәртіпсіздік. Қызметкерлер түнгі сағат 23:00-ден 2:00-ге дейін Орал қаласындағы кәмелетке толмағандардың жаппай жиналатын орындарын тексерді. Нәтижесінде 84 жасөспірімнің түнгі уақытта ересектерсіз жүргені анықталып, ұсталды. Олардың ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, түн ішінде бұзақылық жасаған 2 жасөспірім басқармаға дереу жеткізілді. Табыс табудың жетегіне ерген саудагерлер 1 жасөспірімге арақ сатқан жерінде ұсталды. Жалпы шара қорытындысы бойынша тәрбиесі ақсап тұрған 2 жасөспірім, 6 отбасы ювеналды полиция тобының есебіне алынды.