Ағымдағы жылы Орал қаласының алпыс жеті көшесін жөндеу жұмыстары жоспарланған еді. Бүгінгі таңда 61 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталыпты. Жол салу жұмыстары үшін 8 млрд- тай қаржы бөлінген. Оның екі млрд-тан астам қаражаты республикалық және облыстық бюджеттен қарастырылды. Ал, қалған 6 көшенің жөндеу жұмыстары екі жылға жоспарланып отыр. Яғни, Мәметова, Громова, Құрманғазы, Вольная сынды көшелердің жөндеуі келер жылы аяқталмақ.