Өткен демалыс күндері қаламыздың көп қабатты тұрғын үйлерінің бірінде кішкентай қыз бала 4 қабаттан құлап кеткен. Қазіргі таңда 2015 жылы туылған бүлдіршін есін жиып, облыстық балалар ауруханасында тиісті ем-дом шараларын қабылдап жатыр. Сала мамандарының хабарлауына бойынша, кәмелетке толмаған балалардың терезен құлап кетуі деректері биыл бірінші рет тіркеліп отырған көрінеді. Кішкентай бүлдіршіндердің абайсызда құлап кетпеуі үшін терезеге мұқият болып, қауіпсіздік ережелерін естен шығармау керек.