Орал қаласында 2019 жылдың бес айында 30 велосипед ұрланыпты. Бұл туралы қалалық полиция қызметкерлері хабарлайды. Баукеспелер көбінесе қараңғы аула, қоғамдық орындар мен үйдің подьездерінде қылмыс жасайтын көрінеді. Қолды болған құнды заттар бейнебақылау құрылғылары арқылы іздестіріледі. Қазіргі таңда ұрланған велосипедтің 23-і иелеріне қайтарылды. Өткен жылдың мамырда қала көлемінде 47 велосипед қолды болыпты.