0:00 / 0:00
Мүгедектігім үшін төленетін ақшам кешіккендіктен ашығып жүрмін. Орал қаласында Людмила Шестернова есімді азаматша көпшіліктен көмек сұрайды. 57 жастағы әйелдің жүрегіне ота жасалып, кардиостимулятор орнатқан. Бүгінге дейін 22 мың теңгеге бір ай өмір сүріп келген Шестернова алдағы бірнеше ай жәрдемақысыз қалатынына алаңдаулы.
Азаматша Құрманғазы көшесінің бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің жетінші қабатында тұрады. Людмила Шестернева жыл сайын мүгедектігін растау үшін арнайы медициналық сараптамадан өтеді екен. Басқа табысы жоқ болғандықтан мүгедектігі үшін төленетін жәрдемақыға күн көремін дейді. Соңғы рет ақша оған биыл сәуір айында түскен.
-"Қазір әйел тамақ сатып алатын ақшасыз қалдым. Жұмысқа жарамсызбын. Күн санап жағдайым нашарлап барады",- деп көмек сұрап отырған Людмила Шестернева мүгедекті үшін алатын ақша уақытынан кешігіп төленетінін біледі.
Азаматша сонымен қалалық 1-ші емханада кардиолог дәрігердің қабылдауында есепте тұр. Ал оған төленетін ақшаның уақытынан кешігуіне дер кезінде сараптамадан өтіп, құжаттарды тапсырмағаны себеп болуы мүмкін дейді мамандар. Людмила Шестернева болса, қиын жағдайда көмек қолын созатын жан табылса, айтар алғысым шексіз дейді.