0:00 / 0:00
Қала күні мерекесі қарсаңында Зашаған кенті және Деповская көшесіндегі 9 қабатты баспана пайдалануға берілді. Жаңадан бой көтерген екі бірдей нысанның да құрылыс жұмыстарын «Болашақ-Т» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіпті. Зачаганск кентінің Көктем шағын ауданында орналасқан 180 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы 2014 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша басталған. Жалпы аумағы 10 мыңға жуық шаршы метрді құрайтын үй 72 бір бөлмелі, 72 екі бөлмелі және 36 үш бөлмелі пәтерден тұрады. Заманауи үлгіде салынған баспана қуат үнемдеу жүйесімен қамтылып, бейнебақылау камералары мен «электронды пәтер иелері қауымдастығымен» жабдықталыпты. Бұл маңда жуырда жаңа тынымбақ те, спорт алаңы да ашылмақҚоныс иелеріне құтты болсын айта келген қос әкім де жаңа үйге бас сұғып, ақтан ауыз тиіп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Дәл осы күні Оралдың Депо көшесінде мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында салынған 90 пəтерлі үйдің кілттері де салтанатты түрде табыс етілді. Бұл үйдің 1 бөлмелі 16 пəтері баспаналары апатты деп танылған тұрғындарға еш ақысыз берілді. Облыс əкімі Алтай Көлгінов бұндай жобаның облыста тұңғыш жүзеге асып жатқандығын атап өтті. Облыс орталығында 40-тың үстінде апатты, 200-дей ескі үй бар.
Бұл мәселе осылайша қолға алынып, біртіндеп шешілуде.
Айта кетелік, келер жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша облыс орталығында жалпы саны 2700 пәтерді құрайтын 16 үйдің құрылысын бастау жоспарда.