Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда 16 жасар бойжеткен "Жайық аруы-2018" байқауының жеңімпазы атанды

c 17:41, 10/09/2018 c 854

0:00 / 0:00

Биылғы жылы байқауға ақылына көркі сай 12 ару қатысқан болатын. Биылғы сұлулық байқауы жылдағыдан ерекше болды. Үздіктерді қала күніне арналған Абай алаңында өткен концерт барысында марапаттады.

Байқауға қатысушылар алдымен өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салып, білімдерін сынады. Бірі би билесе, бірі ән шырқап, театрланған көріністерде әртістік қабілеттерін паш етті. Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрына жиылған көрермен бірінен бірі өткен сұлуларға қошеметін аямады.

Биылғы "Жайық аруы-2018" байқауы жылдағыдан ерекше. Себебі алғашқы рет байқауға мүмкіндігі шектеулі бойжеткендер қатысып отыр. Олар өздерін өзгелермен тең ұстап, сұлулыққа шектеу жоғын дәлелдеуге тырысты. Байқау барысында үздік атанған аруларды Абай алаңында өткен концертте марапаттап, жүлделерін табыстады.

Бірінші вице мисс - Әсел Дәулетбаева атанса, екінші вице мисс - мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан қазылар жүрегін жаулаған, ақылына көркі сай- Аружан Мұқаш атанды. Ал "Жайық аруы-2018" тәжі №44 мектеп-гимназиясының оқушысы 16 жасар Айдана Каримоваға бұйырды.

Қала әкімдігі байқау жеңімпазы Айдана Каримоваға теледидар сыйлады. Ал демеушілер- бағалы ішік пен екі адамға арналған Чехияға туристік саяхатқа жолдама тарту етті. Енді байқаудың жеңімпаздары Ақжайық өңірінің атынан шығып, республикалық байқауда бақтарын сынайтын болады.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.