0:00 / 0:00
«Орал таза Сервис» ЖШС-гі ұйымдастырған пресс - турдан қоғамдық кеңес мүшелері де табылды. Диспетчерлік пунктен бастау алған кәсіпорынды аралау шарасы "Орал Таза Сервис" мекемесінің қазіргі тыныс-тіршілігімен танысуға бағытталған. Бұл жерде техникалық құралдардың жүру уақыты жіті бақыланады. Әр қоқыс көлігінің уақыты қауырт графикке тәуелді. Келесі ғимарат техникалардың тұрағы деуге саяды. Алайда, 70-ы жылдары салынған бұл ғимарат бүгінде күрделі жөндеуді талап етеді. Серіктестік 2-3 жыл көлемінде жекешелендірілгеннен кейін, жабдықтардың 80% -ы ескірген және оны ауыстыру күн тәртібінде тұрған мәселе көрінеді. Кейбір көліктер жолда сынып, жөнделуі үшін базаға күніне 2-3 рет оралады мыс. Осыған байланысты кесте те бұзылып, кей аймақтарда күл-қоқыстың кешіктіріліп алынуы жиі орын алып келеді. Арнайы техника ең көп дегенде 5 жыл жұмыс істеуге қауқарлы, ал мекемеде мұндай көліктер 10 жылдан астам қолданыста. Қазіргі уақытта қалада тұрмыстық қалдықтарды шығару мекемесі күл-қоқысты шығару қызметі үшін адам басына - 193 теңге және жеке сектор үшін 197 теңге мөлшерінде тариф белгілеп келеді. Дегенмен, бұл тариф кәсіпорынның шығындарын толығымен жабуға, жұмысшыларға жалақы төлеуге және жаңа көлік техникасын сатып алуға жеткіліксіз, - дейді мекеме басшысы. Жағдайдан шығудың бір-ақ жолы - тарифті 300 теңгеге көтеру. "Орал Таза Сервис " мекемесіндегі мәселелер қатары өңір деңгейінде көтеріліп келеді. Бірақ, жаңа тариф жуырда бекітіледі деген сөз емес. Жауаптылар жағдайды жеті рет өлшеп барып, бір шешім шығармаққа ниетті. Тарифтің қандай болары келер жылда белігіл болмақ.