0:00 / 0:00
Табиғат ананың тепе теңдігін сақтау әркімнің борышы. Соның ішінде табиғатты пайдаланушы өндіріс ошақтары үнемі бақылауға алынған. Облыс территориясындағы ірі өндіріс ошақтарына жоспарлы тексерулер үнемі жасалып тұрады. Мәселен соңғы екі жыл ішінде КПО б.в. компаниясына келтірген зиян үшін 1 млрд. 216 млн. теңгеге айппұл салынған. Бұл соманы олар толықтай өтеді. Дегенмен келген шығын бойынша сотта іс қаралуда. Ол департамент тараапының толықтай бақылауында.
Өңірдің табиғат қорғаушыларының айтуынша облыстағы ірі өндіріс ошақтарынаннан бөлінетін зиянды заттар өткен жылдармен салыстырғанда азайған.Мысалы, 2017 жылы облыстан шыққан тұрмыстық қалдықтар 20-23 тонна болса, өткен жылы 18 мың тоннаны құрап отыр. Өңірімізде мұнай өнімдерін өндіруші өндіріс ошақтары көп орналасқанменде, Ақжайық бойын қаулай өскен жасыл желек табиғат тепе теңдігін сақтауға оң әсер етуде. Оған қоса дәстүрлі сенбіліктер аясында да жасыл зона қалыптасып, Оралдың таза қала мәрбесін сақтап қалуына сеп болуда.