Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал-Тасқала-Озинки тас жолының 95% ы дайын

c 12:16, 21/09/2018 c 931

0:00 / 0:00

Облыс әкімі Қазақстан мен Ресейдің шекарасын жалғайтын тас жолдың құрылысымен танысты. Үш жыл бойы Переметный, Тасқала мен Ресейдің Озинкасын жалғайтын тас жолдың құрылысы биылғы жылдың қарашасында аяқталады деп көзделіп отыр. Қазіргі таңда мердігер компания өкілдері шекара шебінде жол төсеу жұмыстарына дайындықты бастапты. Барлық жұмыстар аяқталғаннан соң, шекара шебінде азаматтарды тексерістен өткізетін екі бекет бой түземекші.

Елімізді көршілес Ресеймен жалғайтын тас жолдың құрылысы қазіргі таңда 95 пайызға аяқталыпты. Енді мердігер компания өкілдері, шекара шебінде орналасқан бекетке жол салу жұмыстарын қолға алмақ. Яғни, шекара бекетінде 600 метрді құрайтын қос жол салынады. Оның өзі 4 жолақты болады деп жоспарланып отыр. Бұл бірінші кезекте, шекара асатын азаматтарға және шекараның қауіпсіздігін күзететін сақшыларға қолайсыздық тудырмай, ыңғайлы болмақ.

Шекара шебіндегі жолдың құрылысымен танысу үшін арнайы ат басын бұрған облыс әкімі мердігер компания өкілдерінен жұмыстың барысын сұрап, атқарылар жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, шекара күзетінде тұрған сақшылардан жаңа бекет орнаса, қандай жаңашылдықтар болатынын сұрап, мән-жаймен танысты.
Облыс әкімі Қазақстан мен Ресейдің шекарасында Тасқалалық тұрғындардың да мұң-мұқтажына құлақ асты. Тасқала ауданына қарасты Достық ауылының тұрғыны өңір басшысынан ауылға кіреберіс 3 шақырым жерге ескі асфальт төсеп беруін өтініп, ауыл тұрғындарының өтінішісін жеткізді.
Үш жылға жоспарланған Орал-Тасқала -Озенка тас жолдының жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайды. 2015 жылдан бері үкіметтен қыруар қаржы бөлініп келген құрылыс жұмыстары биылғы жылдың қараша айында толықтай аяқталып, халықтың игілігіне берілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.