0:00 / 0:00
Ақжайық шағын ауданы 5-10 жыл бойы салынады деп жоспарлануда. Ол облыс орталығының өзге аудандарынан мүлде өзгеше. Жаңа шағын ауданда бос нысан ғимараты болмайды. Дүкендер, демалыс орталықтары және әлеуметтік нысандар тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасады. Қаланың бас сәулетшісі тергеу изоляторын салу жөніндегі жағдайға да түсініктеме берді. Оның құрылысы кезінде режимдік объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін заң бұзушылықтар анықталған.Сонымен қатар брифингте Оралдағы құрылысы бітпей тұрған нысандар туралы да сөз болды. Бүгінде арнайы комиссия құрылып бас шаһардағы 4 нысанды бақылауға алған. Әрбір қараусыз ғимараттың жай-күйі жан-жақты зерделеніп, апатты күйдегілерін бұзу туралы шешім шығарылмақ.