0:00 / 0:00
Халық арасында Автооцон аталып кеткен аумақта жаңа мектеп бой көтере бастады. БҚО құрылыс басқармасының мамандары Зашаған кентінде бұдан бөлек тағы екі мектеп салу жоспар санатында екендігін атап өтті. Бірақ, бұл - келешектің еншісіндегі шаруа.
Құрылысқа жауапты мердігер компания көршілес Атырау қаласынан келгенмен, құрылыс жұмыстарына қала тұрғындары тартылып отыр. Жаңа мекептің жалпы аумағы - 4 га. асады. Аталған аумақ футбол алаңы мен ойын алаңдарын да қамтымақ. Жоба құны - 1 миллиард 750 миллион теңге.
Бұдан өзге, облысқа қарасты аудандарындағы үш ауысымдағы білім беру мәселесін жою мақсатында Ақжайық ауданының Чапай ауылында 300 орындық мектеп-гимназиясы мен 100 орындық мектеп-интернат және Казталов аудан орталығында 600 орындық мектеп қолданысқа берілмек.