Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық тыңдауда жаңа көпірдің маңыздылығы сөз болды

c 18:02, 21/10/2019 c 352

Алдымен сөз алған қала әкімінң орынбасары Бекжан Тоқжанов жаңадан бой көтеретін Ақжайық ауданың құрылысна тоқталды.Ол жерде шамамне 70 мыңна астам адам орналасады деген жоспар барын да еткізді.Бүгінгі күні аталған ауданда инженерлік желілерді тарту жұмыстары аяқталған көрінеді. Ал, қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Темірболат Шәкіржанов та "Ақжайық" ауданының бас құрылыс жобасы бекітіліп қойғандығын мәлімдеді. Ал қоғамдық резонас тудырған жаңа көпір құрылысының жобасы әлі жасақталуда. Сондықтан бұл кездесу тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ортақ пікірге келу жолында ұйымдастырылып отыр. Жалпы көпір құрылысына жұртшылық қарсы емес, бірақ олар қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағы арқылы салынуына және құрылыс барысында саябақтағы 1500 түп ағаштың кесілуіне үзілді кесілді қарсы. Өйткені, бұл шаһардағы табиғат аясында отбасылық демалыс ұйымдастыруға болатын жалғыз орын. Болжам бойынша, жол құрылысына 11 млрд теңге бөлінеді, нақты сома жобаға сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болмақ. Қоғамдық тыңдауды осы аптаның сенбісі күні тағы мәрте өткізуді қалалық әкімдік көздеп отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.