Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласының сауда орындарында құрамына нитрит натрий шамадан тыс қосылған шұжықтардың сатылғаны белгілі болды

c 00:00, 07/04/2015 c 621

0:00 / 0:00

Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің тапсырмасымен 5-наурыздан бастап азық-түліктердің құрамына жүргізілген тексеріс кезінде дүкен сөрелерінде самсап тұрған шұжықтардың құрамы талапқа сай келмейтіні анықталып отыр. Әсіресе Ресейде шығарылған өнімдердің біразының құрамына қоспалар мен бояғыштар, дәмдеуіштер және нитрит натрийдің шамадан көп қосылғаны анықталыпты. Осындай өнімдерді тұтынған адамның денсаулығына үлкен зардап келетіні ескеріліп, саудадан шығарылған. Ал дайын тағамға көбіне күдікпен қарайтын тұтынушылардың ойы жергілікті өндіріске қолдау білдіріп, табиғи азық-түлікті тұтыну арқылы зиянды өнімнің жолын кесуге болады дегенге саяды. Сүт, алкоголь, ет сынды 43 өнім түріне жүргізілген зертханалық зерттеу кезінде 39 құқық бұзушылық анықталып, кейбіріне 4 есеге артық консерванттар қосылағаны белгілі болыпты. Көбінесе өндірушілердің маркалық таңбасы талапқа сәйкес келмейтіні ескеріліп, бұл жұмыстар одан әрі жалғаса береді. Осыған дейін сатыққа шыққан өнімнен талай тұтынушының денсаулығына зиян келген болуы ғажап емес. Бірақ алда оны болдыртпас үшін «Тәркіленген азық-түліктің көзі біржола жойылады»,- дейді мамандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.