"Лада Гранта" көлігі мен скутер бір жолға сыймай, бір-біріне соғылған. Куәгерлердің айтуынша, темір тұлпар тізгінінде әйел адам отырыпты. Ал скутерді басқарған егде жастағы азамат өзінің дұрыстығын алға тартады. Айтуынша, ауладан көлігімен шыққан әйел оған жол бермей, салдарынан апатты жағдайға тап болған. Екі тарапқа да шығын келгенімен, жарақат алғандар жоқ.