0:00 / 0:00
Бұл 1ші лиганың 4ші турына аяқ доп өнерінің қолдаушылары әдеттегіше жиналған. Алғашқы сәттен ақ, Астаналық "Бәйтерек" шабуылшысы қанат Ахметовтың ебін тауып, алаң иелері қақпасынан саңылау тапқанын көріп, ах ұрды. Алайда "Ақжайықтың" көрсетері алда екен. 21-ші минутта Мирам Сапанов есепті теңестірсе, 2-ші таймның 60шы минутында Иван антиповтың султаска берген добы голға айналды. 75 миунтта команда капитанының мергендігімен кездесу мәресіне жетті. Жанкүйерлердің қанын қыздырып, делебесін қоздырған ойын осылайша 3:1 есебімен "Ақжайықтың" жеңісімен аяқталды. Жеңіске жету-басты мақсат. Осы мақсаты орындалғанымен Ақжайықтың бас бапкері Елораданың командасымен болған ойынға көңілі толмағанын жеткізді. Аталмыш кездесуден соң, "Ақжайық" турнир кестесінің 5ші орнына жайғасты. Естеріңізге саламыз, жергілікті команда 9-мамыр күні Ақтаудың "Каспиімен" күш сынасады. Жеңіс мерекесіндегі кездесуде Ақжайықтың жеңісті нәтижеге қол жеткізуін тілейміз!