0:00 / 0:00
Жастар 40 күнде әскердің әліппесін үйреніп қолына құжат ала алады. Бұл жердегі жағдайдың барлығы әскердегідей. Таңнан тұрып жаттығу жасау, казармадағы өмір, қару ату мен әдіс тәсіл меңгеру барлығы ортақ талаптар сай. Алайда 365 күндік отан алдындағы борыш 40 күнге қысқартылған. Оқу әрине тегін емес, бірақ бұл нағыз әскердегі қызметке тамаша балама. "Ашық есік күніне" келген жастардың қарасы қалың. Жатар орын, техникалық жаттығу, арнайы дәрісті тамашалады. Мұндай таныстыру шараларын өткізу өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыруға, адмгершілікке тәрбиелеуге зор ықпалын тигізеді. Мәселен, жауынгерлік даңқ мұражайы. Мұнда ерлігімен дараланған жауынгерлердің фотосуреттері мен мүсіндері, сондай-ақ сұм соғыс жылдарында қазба барысында табылған гильзалар мен гранаталар жәдігерлер санатында. Курсанттар ату біліктіліктерін арнайы полигонда шындайды. Бірақ олар нақты қаруды қолға алмас бұрын, интерактивтік тирда машықтанады. Кездесуді өткізудегі мақсат - жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Патриоттық рухты беделін көтеруге бағытталған шаралар әскери - техникалық мектебі тарапынан азаймақ емес. Аталмыш мектепте келер жылы жаңашылдықтар көңіл қуантады. Жағымды жағалықтардың бірі - курсанттар қатар сабына 23 жастан бастап қабылданбақ.