БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысының хабарлауынша, оқиға орнынан бас миының жабық жарақатын алған және миы шайқалған 3 адам ауруханаға жеткізілген. Ал №5 жолаушы көлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші жолды рұқсат етілмеген тұстан кесіп өтпекші болды деп мәлімдеп отыр. Оқиға таңғы сағат 9-дар шамасында Достық даңғылы мен Фрунзе көшесінің қиылысында тіркелген. Аталмыш факті бойынша тергеу жүріп жатыр.