0:00 / 0:00
Енді мердігерлер айына бір рет қана демалып, басқа уақыта үзіліссіз жұмыс жасауға көшіп отыр. Биыл облыс орталығында 50 көшені жөндеу жоспарланған болатын. Жақын аралықта қолданысқа берілген көше саны 16-ға жетеді.
Биыл 50 көшенің жолын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланды. Оның ішінде 6 нысан екі жылға арналған, 7-уі Қарашығанақ кен орнының әлеуметтік төлемдерінен қаржыландырылады. Қалған көшелер жергілікті бюджет есебімен жөнделуі тиіс.
Қала тұрғындары жазғы маусымдағы жұмыстар сапалы атқарылып, біраз жыл мүлтіксіз қызмет көрсетуге жарамды болса деген үмітпен барлық қолайсыздыққа шыдамдылықпен қараймыз дейді. Және жолдағы өзгерістерден дер кезінде хабардар қылуды өтініп отыр.Көлік көп жүретін, кептеліс жиі орын алатын көшелерге қосымша бұрылыс жолақтарын салу мәселесі осыған дейін сынға ұшыраған болатын. Бұл жағдайда қауіпсіздік басты назарда болады деп мәлімдейді сала мамандары.
автокөлік жүргізушілері жөндеу кезінде кей көшелер бойында қосымша қозғалысты шектемеу жағдайлары ескерлімегені қиындық туғызып жатқанын айтып отыр. Бұдан хабарсыз жүргізушілер діттіген мекен-жайға жету үшін шағын қаланы шыр айналып, жолда уақыт жоғалтуға мәжбүр болатындарына наразы.