Ағылшын әдісімен өтетін аукционда коммерциялық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жалдау құқығын сатумен 9 жер учаскесі ұсынылады. Жалпы аумағы 2 шаршы метрден 25 шаршы метр болатын жер телімдері Орал қаласы мен Зашаған кенті аумағынан берілмек екен. Аукционға алғашқы кепілдік жарнасын төлеген кез-келген азамат қатыса алады. Қала әкімдігі 15 күн бұрын саттық жөнінде хабарландыруды жарияланып отырғандарын мәлімдеуде. Ал қатысуға ниет білдіргендердің өтінішін қабылдау басталып кетіпті. Айта кетейік, аукционның өзі 11-шілде күні Орал қалалық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.