Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында Жеңістің 70 жылдығының құрметіне ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек ақы ретінде 88 млн. теңгеге жуық қаражат төленеді

c 00:00, 16/03/2015 c 787

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, биылғы жылы республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген әлеуметтік ақы 5753 адамға беріледі деп жоспарланып отыр. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы жеңістің 70 жылдығын атап өту жоспарына сәйкес, наурыз айының басынан әлеуметтік төлемдер төлеуді бастағандарын айтады. Бұндай көмек қала бойынша 5753 адамға беріледі. Ал, олардың арасында қатары сирей бастаған қарт жауынгерлерге арнайы республикалық және жергілікті бюджеттен сыйақы қаражат бөлінетін көрінеді. Бұдан бөлек блокаға қатысқандарға, соғыс кезінде жесір қалған 8 азаматшаға, конц лагерьде тұтқында болғандарға 60 мың теңгеден төлемақы беріледі. Тыл ардагерлері де осындай көмектен ада қалмайды. Бұл мақсатқа 87 млн. 870 мың теңге бағытталмақ. Орал қаласында бүгінде 223 тыл ардагері тұрып жатыр. Ағымдағы жылы облыс орталығында әлеуметтік төлемдерге жалпы сомасы 93 млн. 460 мың теңге бөлініпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.