Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында жеке тұрғын үй салуға жер телімдері берілетін болады

c 19:56, 29/03/2018 c 1008

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шаһар басшысы Мұрат Мұқаев мәлімдеді. Облыс орталығында осындай кезекте тұрғандар саны 71 мыңнан асып жығылады. Круглоозерный ауылдық округінде үй құрылысы 2019-жылы басталмақ.

Круглоозерный ауылдық округіндегі тұрғын үй алаңын жобалау осы жылдың соңына дейін аяқталады. Сараптама нәтижесі алынған соң тұрғын үйлерді салуға бюджеттен қаражат сұралады. Бұл жер телімдері кезекте тұрған азаматтарға табысталмақ.

2000-2012 жылдары жер телімдері берілгенде көлемі 1496,72 гектар учаске 15 мыңға жуық адамға берілген. Орал қаласы бойынша мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы алғашқы конкурс өткен болатын. Конкурсқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы Круглоозерный кентінен 1181 гектардан астам 3 жер учаскесі ұсынылды. Барлығы 3 лот бойынша 6 адам қатысты. 2 лот бойынша екі шаруа қожалық жеңімпаз ретінде танылған.

Орал қаласында архитектура саласын цифрландыру бойынша биыл электронды интернет  ресурс құрылыс салушыларға құрастырылып ұсынылу жоспарлануда. Қызмет 7 күнде 24 сағат бойы қол жетімді болмақ.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.