0:00 / 0:00
"Хан тоғайы" аталған орман алқабына барып, табиғат ана қойнауын күл-қоқыстан тазартқан жастар жаз бойы шаһарымызды көркейіп, дамытуға өз үлестерін қосатынын жеткізді. Хан тоғайында серуендеп, таза ауамен тыныстаудың өзі бір ғанибет. Осыған дейін жеке қолға өтіп кетіп, одан кері мемлекет меншігіне қайтарылған мекенге "Жасыл ел" студенттері ертелетіп келіп, орманшылардың жұмысына қол ұшын берді. Күл қоқыстарды қапқа салып, қурап сынған ағаш бұтақтарын, демалушылардың лақтырып кеткен тұрмыстық қалдықтарын жинауға жәрдемдесті. Хан тоғайының 272 гектар аймақты құрайды. Сүмбіл ақ теректер, шегіршіндерден бөлек, иісі аңқыған қарағайлар өсетін тоғай мемлекеттің қорғауында. БҚО-да биыл "Жасыл ел" жасағының құрамында 750 жас еңбек етеді. Оның 300-і қалада, ал 400-і облыс аудандарында жасылдандыру, абаттандыру жұмыстарына атсалыспақ. 19 ғасырдың жәдігері ретінде мемлекеттің қорғауына алынған орман алқабы қазақ хандарының бастамасымен отырғызылып, күтілген болатын. Бірнеше ғасырлық тарихы бар бұл мекенде талай саңлақтардың ізі, қалып, талай қынның жырына арқау болғаны белгілі. Ақжайық өңірінің шұрайлы табиғатын, тазалығын сақтау-әр азаматтың міндетіне айналған күнде ғана болашағымыз жарқын болмақ.