Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында жақында тағы 3 апатты үй сүріледі

c 18:05, 22/08/2018 c 608

0:00 / 0:00

Олар Еуразия даңғылы 244, 246 және 246/1 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйлер. Биыл облыс орталығында 10 үй бұзылып, орнында жаңа жоба бойынша құрылыс басталмақ. Бүгінде мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы шеңберінде тұрғындардың алды баспанаға қол жеткізіп отыр.

Бір жыл бұрын Ғарифолла Құрманғалиев 3 мекен-жайындағы ескі апатты үйді тұрғындар мекен етіп жатты. Бір қабырғасы ырсиып құлағалы тұрған 2 қабатты үй тұрғындардың үрейін қашырып, бір күні үйінді астында қаламыз ба деп қауіптерін арттырды. Үй қабырғалары жанынан өтіп бара жатқан адамды да еріксіз үйрейлендіретін.

Үй 2016 жылы апатты деп танылған еді. Мәселені мемлекеттік жеке серікестік баңғдарламасымен шешті. Қазір апатты үйдің орнында жаңа көп қабатты ғимарат бой көтеріп жатыр. Мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасымен үй салу аймақта 2015-жылы басталып, 11 үй бұзылса, биыл 10-нан астам үйді сүріп, орнына жаңасын салу көзделген еді. Қазіргі күні 4-уі орындалу барысында. Тұрғындар уақытша Зашаған кенті мен 5-ші шағын ауданға көшірілген. 3 жылдың ішінде қалада 40 апатты үйді бұзып, тұрғындарды жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.