0:00 / 0:00
Бүгін жол сақшылары такси жүргізушілерін тоқтатып, олардың рұқсат қағаздары мен құжаттарын тексеріп көрді. Сала мамандарының айтуынша, шаһарамыздағы жолаушы тасымалдаушылардың тең жартысы заңсыз жұмыс жасап жатыр. Осындай жүргізушілерге сол мезетте хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Жүргізуші көлік тізгініне отырған мезетте жолаушы өміріне жауапты болады. Ал такси қызметтерінің барлық құжаттары, жолаушы өмірінің қауіпсізідігінің сақталуы тиісті талаптарға сай болуы міндетті. Бірақ шаһарамызда адам тасымалымен айналысып жүрген таксилердің тең жартысы заңсыз жұмыс жатырғаны анықталып отыр.
Енді заңсыз таксилердің жолына тосқауыл қою үшін рейд шаралары тұрақты түрде өткізілмек. Осылайша құжаттары рәсімделмеген жолаушы тасымалдаушыларды ықсыру көзделуде. Такси қызметінің заңсыздығын әшкерелеу үшін полиция қызметкерлері жолаушы кейпінде болуы мүмкін. Өз істерінде кемшілік барынан бейхабар жүргізушілер бізге бұл орайда еш ескерту жасалмады деп ақталмақ болды. Егер жүргізуші такси қызметіне жұмысқа орналасқан жағдайда өз жеке құжаттарымен қатар, компаниядан жол парақшасы, жолаушыны сақтандыру сынды құжаттардың рәсімделуі қажетін ұмытпауы керек. Әйтпесе, өзі айыппұлға тартылатын болады.