0:00 / 0:00
Республикамыздың түкпір түкпірінен барлығы 8 команда бас қосып, жеңіс тұғырынан көрінуге атсалысуда. Волейболдан Ұлттық лига аясында оздырылған жарыста Қазақстанның жоғарғы кестесінде орын тіреген "Есіл"- Петропавл қаласы, "Атырау", "ТНК КАЗРОМ" - Хромтау және Оралдық "Конденсат-Жайықмұнай" командалары бақ сынасты. Олардың барлығы кіші турда екі топқа бөлініп, жеңген командалар бірінші орынға таласатын болады. Республикалық чемпионатта өңіріміздің намысын қорғайтын "Конденсат-ЖаиқМұнай" командасында ағымда жылы Украина елінің үш лигионер мен ҚР құрама командасының шеберлері Антон Кузницов пен Виталий Прокоьеф өнер көрсетпек. Оралдық конденсаттар ойын алған үш турде жарыс кестесі бойынша бесінші орынға жайғасты. Әрине Жайық өңірінің беделін жерге қаратпас үшін жерлестерімізге тер төгу керектігі баса анық. Сондықтанда команда ойыншыларына сәттілік тілейміз.