0:00 / 0:00
Олардың әрқайсысы белгілі бір мазмұнды, кескінді беретін суреттерден құралған. Дәл осындай композициялар Қазақ хандығының 550 жылдығы, ассамблеяның және ата заңымыздың 20 жылдығына арналған мерекелерде облыс орталығының сәнін келтіреді деп жоспарлануда. Көп салалы жол пайдалану кәсіпорнының хабарлауынша, бұл мақсатқа бюджеттен 135 млн. теңге қаражат бөлінген. Қаланы көкалдандыру өте күрделі жұмыс. Көктемгі науқанға дайындық қаңтар айында тіпті одан бұрын бастау алады. Жылыжайда гүлдермен жас өскіндердің дәнектері, тұқымдары мерзімінен әлдеқайда ерте себіліп, күтім көрсетіледі. Ал, көктем шыға тек өсіп шыққан гүлдерді алаңдарға отырғызу ғана қалады. Биыл бұл мақсатқа бөлінетін қаражат та, өсімдіктердің түрі де артқан. Жапырақты, қылқан жапырақты өсімдіктерді отырғызудың жылыжайда 2- кезеңі басталды. Биыл 350-400 мың түп гүл егіліп, барлығы 16 мың шаршы метр қызылды, жасылды көкалмен көмкеріледі екен. Айта кетейік, өткен жылы көкалдандыру 14 мың шаршы метрді қамтыған болатын. Биыл абаттандырушылардың еңбегінде шығармашылық бейнелер жиі көрініс таппақ. Коммуналдықтар Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, ата заңымыз бен ассамблеяның 20 жылдығына арнап өзіндік мәні бар әсем көріністерден тарту жасамақ. Абаттандыру жұмысына дайындықты 80-ге тарта адам атқаруда. "Ал, жазғұтырым саябақтар мен алаңдарға отырғызылған гүл дестелерінің күтіміне жұмыспен қамту бөлімінен және студент жастар арасынан еріктілердің күші тартылады",-дейді мамандар.