0:00 / 0:00
Орал қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі 100 теңгеге қымбаттады. Бұл жөнінде "Орал таза сервис" ЖШС мәлімдеді. Осыған дейін қызмет құны көп қабатты үйлерде 1 адамға 115 теңге болып келсе, енді 215 теңге болмақ. Тарифті көтеруге кәсіпорынның үлкен шығынға батуы себеп болып, мәслихат депутаттары өсімді бірауыздан бекіткен болатын.
"Орал Таза Сервис" ЖШС 2016 жылы жеке қолға табысталды. кәсіпорын 300 млн теңгеге бағаланған болатын. Ол кезде тазалықпен айналысушы компанияның басшылығы тариф осы қалыпта сақталып қалады деп мәлімдеен болатын. Алайда бүгінде бірден 100 теңгеге қымбаттап, 115 теңгеден 2015 теңгеге өсіп отыр.
Тарифті өсіру туралы шешім әмслихат ессиясында қабылданды. Басты себеп кәсіпороынның шығынға батуы. Және жұмысшылар жалақысын өсіре мәселесін шешу мен заманауаи бәсекелестікке қабілеттілікті арттырудағы кемшін тұстарды жою жұмыстарын атқару болатын.
Тұрғындар қатты тұрмыстық қалдықтар ақысының қымбаттауы қызмет сапасына әсерін тигізсе игі деген тілекте. Себебі қ
Жақында ғана электр жарығының тарифі 8 пайызға өскен болатын.