0:00 / 0:00
Оқиға 16 сәуір күні таңда болған. Евразия көшесі 89 үйден пәтер жалдап жатқан 15 - 16 жасар қыз баланы алғаш болып Батыс су арнасы мекемесінің қызметкері көрген. Алғашқы көмекті де сол қызметкер көрсеткен. Оқиға орнынан дереу облыстық ауруханаға жеткізілген. Болған оқиға жөнінде Облыстық денсаулық сақтау басқарамысынң мамандары қандай да бір сараптама беруден бас тартты. Басқарма басшысының орынбасары Мәншүк Аймурзиева қалада екі күннің бірінде түрлі себептермен жарақат алып жататын адамдар туралы талдап саралап отыруға уақыты жоқ екенің мәлімдеді. Алайда түсірілім тобы бүгінде қыз балаға ота жасалғаның анықтады. Бүгінде есін жиған, алайда дәрігерлердің айтуынша жағдайы әлі күрделі. Болған жағдай туралы құқық қорғау оргынының қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.