0:00 / 0:00
Кеңес мүшелерінің назарына 3 инвестициялық жоба ұсынылды. Солардың бірі - жаңа демалыс базасы. Шаһар тұрғындары мен меймандарына жайлы да ұмытылмас сәт сыйламақ жаңа демалыс орталығы Самал ауданы маңында орналаспақ. Мұндай жоба өңір деңгейінде бұрын-сонды қолға алынып көрмеген. Мұнда балықтың бекіре тұқымдас түрлеріне арналған тоған, жасыл алаңдар, демалыс және балық аулау алаңы, футбол алаңы, теннис корты сынды жайлы демалыс орындары қарастырылған. Ұсынылған жоба сулы батпақты алқаптардың экожүйесін және жағалау аймағын қалпына келтіре отырып, балық қорының аквамәдениетін дамыту мен қолдауға мүмкіндік береді. Екінші жоба - бекіре тұқымдас балықтардың түрлері өсірілетін өндірістік орталықтың құрылысы. Іске асыру үшін шамамен 460 миллион теңге қажет. Бекіре тұқымдарын өсіру орталығы 2021 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталмыш жоба бұл аймақтың экспорттық әлеуетін арттыруға, Қазақстанның барлық нарықтарын өнімдермен қамтамасыз етуге, балық қорын шығаруға, содан кейін оларды Жайық өзеніне жіберуге мүмкіндік бермек. Жоғарыда аталған жобалардың барлығы инвесторлардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ. Жиында аталмыш 3 жобаның барлығы бірауыздан мақұланды. Мемлекет тарапынан ивестициялар тарту және инвестициялық ахуалды жақсартуда елімізде тұрақты іс-шаралар өткізілуде. " Бизнестің жол картасы 2020", "Бизнесті қолдау және дамытудың" мемлекетік бағадраламасын іске асыру уақытынан бастап мемлекеттік қолдау шаралары жалпы сомасы - 135 млярд теңге 908 кәсіпкердің жобалары мақұлданған екен. Биылғы жылдың 11 айында кеңестің 4 отырысы өткізіліп, 40 мляд теңгеге 7 жоба мақұлданып, 507 жұмыс орны құрылған екен. Бүгінгі таңда бұған дейін кеңесте қаралған 19 жобаның 2 -уі іске асырылып, ал 12 жоба жүзеге асырылу сатысында екен.