Орал қаласында телефон ұрлығымен айналысқан адамды полиция қолға түсірді.Орал қаласының 32 жасар тұрғыны телефоның жоғалтқаны жөнінде полицияға арыз түсіреді, осы арыз бойынша дереу іс қозғаған полиция басқармасының мамандары телефон ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 40 жасар адамды қолға түсіреді.Бұл азамат бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.Қазіргі таңда осы телефон ұрлаған азамтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр деп хабарлады БҚО ПД баспа сөз қызметі.Полиция қызметкерлері адамдарға қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде жеке затарына мұқият болыңыздар деп ескертеді.Себебі қалта ұрлығы негізінен адам көп жүретін орындарда тіркеледі.