0:00 / 0:00
Орал қаласында бүгінгі күннен бастап жолаушы көліктерінің ақысын смс хабарлама арқылы төлеу жүйесі іске қосылуы тиіс болатын. Электронды төлем ақы 4 бірдей маршрутта, атап айтар болсақ, №5-ші, 22-ші 36-шы және 10-шы автобустарда жұмыс жасайды деп күтілген еді. Бұл жөнінде жолаушы көлігі және авто көлік жолдары басқармасының мамандары орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Алайда қазір ешбір жолаушы тасымалдаушы бұл жүйеге қосылмаған болып шықты. Тіпті жаңашылдыққа наразы болған кондукторлар қауымы бұдан мүлдем хабарсыз болғандарын жеткізді.