Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында шомылу маусымы басталды

c 20:04, 22/06/2018 c 868

Дегенмен құтқарушылар тұрғындарға кез-келген орында суға түсуге қатаң тыйым салып отыр. "Қатер айтып келмейді"- демекші, бұл орайда бұрын тіркелген қайғылы жайттар өзгелерге сабақ болуы тиіс. Қазір арнайы құтқарушылар жасағы жабдықталған жағалауларды кезекшілік ұйымдастыруда.

"Сақтансаң сақтармын",-демекші шомылу маусымы қарсаңында қауіпсіздікті сақтауға шақырған құтқарушылар, тек белгіленген, жабдықталған орында ғана шомылу қажетін қатаң ескертеді. Былтыр облыста 18 адам тілсіз жаудың құрбаны болса, оның 5-уі балалар. Ересектер ішімдік ішу салдарынан суға кетсе, балалар ата-аналардың қарауынсыз қалу салдарынан мерт болған.

Ата-аналар қалада жабдықталған шомылу орындарының тапшылығын айтады. Сондықтан көпшілік ыстықта кез-келген ыңғайлы орында шомылуға дайын. Қалалық демалыс және мәдениет саябағындағы жабдықталмаған жағалауда адам қарасы қалың. Соның ішінде шомылып жүрген балалар көп екенін байқадық. Әрине ересектер қауіпсіздікті өз бақылауларына алыпты.

Жедел құтқару жасағы жабдықталған жағалауларда кезекшілік ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ еріктілер және құтқарушылар күшімен балаларды жүзуге үйрету, қайғылы жағдайдың алдын алу үшін қауіпсіздікті күшейту шаралары қолға алынбақ.

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.