0:00 / 0:00
Орал қаласында сенбілік жалғасып жатыр.Қала тұрғындары мен мемлекеттік сала қызметкерлері бәрі бірігіп, ортақ үйдің тазалығына жұмыла кірісіп кеткен.Сенбілік аясында Орал қаласының жаңа шағын аудандарының маңайына ағаштар отырғызылды.Орал қаласы жасыл қала деген атқа лайық болуы керек.Жасыл желектің көп болғаны ауаның тазалығының кепілі.Ал, тазалық -денсаулық кепілі.Осыны ескерген Оралдықтар бір кісідей жұмылып, сенбілікке шығып, тал- терек отырғызды.Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев бастаған барлық мемлекеттік сала мамандары, бюджеттік қызметкерлер, студенттр мен комуналдық мекеме мамандары да бар.Бүгінгі сенбілікке 50 бірлік техника жұмылдырылған.Бұдан бөлек ірілі ұсақты 376 бизнес субектілері мен мекемелер тартылған.
Үйлердің ауласындағы тазалық жұмыстары үшін қала бойынша 54 пик жұмысы іске қосылған.Осы күні Орал- Саратов тас жолы мен әуежайға апаратын тас жол бойына 2000 дана терек отырғызылды.Жалпы биылғы көктемде 10 мың дана тал -терек отырғызу жоспарланған.Жалпы ағаш отырғызу жұмыстары құрылыс қарқын алған жаңа шағын аудандарда жүргізілді.
Ортақ үйдің тазалығы үшін адамдардың бір кісідей жұмыла еңбек еткені қуантады.Бұл жұмыстар алда әлі жалғасатын болады