0:00 / 0:00
Орал қаласында сенбі - жексенбі күндері су беру тоқтатылады.Бұл туралы "Жайықжылуқуат" мекемесінің мамандары мәлімдеді.Себебі "Жайықжылуқуат" мекемесі жөндеу жұмысына қатысты жұмысын тоқтатады.Сондықтан да, Оралдықтарға су қорын жинап алу қажеттігін ескертеміз.
Қыста ыстық су беруден мәселе туындамас үшін "Жайықжылуқуат" мекемесі қазірден қамданып жатыр.Бұл жерде жұмыс үздіксіз жүреді.Үздіксіз жүретін жұмыстың салдары да бар.Тозған құбырлар, ескірген құрылғылар қыста қиындық туғызуы мүмкін.Сондықтан да қазір жұмысты тоқтатып, жөндеу жұмыстары басталады.Осы себептен Орал қаласында бір- екі күнге су болмайды.
Орал қаласында ыстық су беру 21 қыркүйек күні таңмен тоқтатылады.Жөндеу жұмыстары 22 қыркүйекке дейін жалғасады деп жоспарланған.Ыстық сумен қатар салқын су беру жұмыстары да уақытша тоқтатылады.Себебі "Батыс су арнасы" да осы уақытта сору бекетінде тиісті жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.
Жөндеу жұмыстары ертерек аяқталып жатса су беру жалғасатын болады, бірақта мамандар су қорын толтырып алғанның зияны жоқ деп отыр.