0:00 / 0:00
Радуница мерекесі алғашқыда діни сипатта пайда болған деседі. Ал қазіргі таңда оның ата-анаға құрмет көрсетіп, дәстүрлі қадірлеудегі тәрбиелік маңызы зор болып тұр. Ертеден келе жатқан ата-аналар күнінде шіркеуде арнайы шырағдандар жағылды. Сондай-ақ зират басында түрлі түсті гүлдер мен кәуап сатушылардың саудасы қызды. Соынмен қатар, Бұл күні мұқтаж жандарға пітір садақа мен азық-түлік және ақшалай көмек жасалады. Радуница Пасхадан 6 күн кейін тойланады. Қала тұрғындары бақилық болған ата-аналары мен отбасы үлкендерін еске алуға бала-шағасын ілестіре келіп, діни рәсімге қатысты. Ата-аналар күні құдайға құлшылық жасап, аруақтарға табынған жұртшылық қайғырып жыламай, керісінше, мәңгілік сапарға аттанған отбасымен, ағайын тумамен рухани қауышып, жоғары көңіл-күймен тарқасты.