Орал қаласында пəтердегі өрт кезінде бір адам қайтыс болды. Ол 1933-жылғы азаматша екені анықталып отыр. Қазір ІІД тергеу жұмыстарын қолға алды. Себебі бұл жерде қылмыс орын алған болуы мүмкін деген күдік бар. Оқиғаның мəн-жайы тергеуден соң жария етілмек.