Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында өрт кезінде 80 жасар кейуана улы газға тұншығып қалды

c 18:34, 22/02/2018 c 749

0:00 / 0:00

Зейнеткер қазір ауруханада жатыр. Үйінің едені өртеніп, қою түтінге тұншығып жансақтау бөліміне жеткізілген қарияның қазір беті бері қараған. Жалғыз өзі тұрып жатқан үйінің терезелері сынып, жарық жүйесінен және судан ажырап қалған. Қарияның өзінен басқа жақыны мен жанашыры жоғын айтқан жалғыз немересі осы жағдайға байланысты көпшіліктен көмек сұрап отыр.

Үйден шыққан қою түтінді көрген көршілер қарияны тілсіз жаудан құтқарып қалған. Оқиға 17-ақпан күні тіркелді. Балластная 9 мекен-жайындағы үйде кір жуатын мәшенкенің дұрыс жұмыс жасамауынан от тұтанып, соңы қызыл жалынға ұласқан.

Жалғызбасты зейнеткерді ауруханадан алып шыққанда баратын үйі тұруға жарамсыз, ал оны жөндеуге қаражат жоқ,- дейді немересі Анна Хусаинова. Себебі барлық электр желілері жанып, пластик су құбырлары еріп ағып кеткен

Зардап шегушінің немересі қазір көмек сұрап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгініп отыр. Мемлекеттік мекеме ол үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу керегін айтып, оған көмек көрсетуге уәде еткен. Қаламыздағы қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үйінде орын жоқ. Осыған байланысты зейнеткерді облыстың аудандарындағы осындай мекемелердің біріне орналастыруы бек мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.