0:00 / 0:00
Бұл қаражатқа аз қамтылған отбасы балалары мен 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақ ұйымдастыру қарастырылған. Алайда аталмыш мақсатқа жұмсауға бөлінген сома жеткіліксіз дейді мектеп асханаларының иелері. Себебі әр балаға берілетін тамақ 2007-жылы бекітілген бағамен әлі күнге өзгермей сақталып отыр.
Орал қаласында бастауыш сынып оқушыларының бір күнгі қамтылатын тегін тамағына 100 теңге бөлінсе, аз қамтылған отбасы балаларына 150 теңге қарастырлған. Бұл соманың өзгермей келе жатқанына 11 жылдың жүзі болған. Биыл мемлекеттен оқушыларды бір реттік ыстық тамақпен қамтуға 400 млн. теңге қарастырылып отыр. Оның 67 млн. теңгесі аз қамтылған отбасы балаларын тамақтандыруға жұмсалады. Бастауыш сынып оқушыларын тамақтандыру бағасын өсіру мәселесі осыған дейін білім беру ұйымдарында көтерліген болатын. Бірақ ботқалар мен ыстық тағамдар құрамын түрлендіруге деген сұраныс қанағаттандырылмай отыр. Орал қаласында тегін тамақпен қамтылатын 26 мыңдай мектеп оқушысы бар. Балалардың құнарлы да, сапалы тамақтануына көңіл бөлу үшін асхана иелері бекітілген бағаны өсіруді сұрап отыр.