Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында нанның бағасы қымбаттамайды

c 00:00, 03/03/2015 c 811

0:00 / 0:00

Дағдарыс кезінде тұрақтылықты сақтап қалу үшін нан зауыттарына электр жарығы төмен бағамен жеткізілетін болады. Бұл жөнінде БҚО-ның ауыл шаруашылығы басқармасы мәлімдеді. Олар осы мақсатта энергия көзін жеткізуші мен табиғи монополияларды реттеу агенттігі және облыс әкімдігі мен нан зауыттары арасындағы 4 тарапты меморандумға қойып отыр. Зауытта күніне 10 мың қалаш нан пісірілетінін ескерсек, кәсіпорынның тұтынған электр жарығы сағатына 10 млн киловатты құрайды екен. "Дастарханы ас атасынсыз жайылмаған халқымызды қысылтаяң сәтте әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында құрылған меморандум Отандық өнімге көрсетілген демеу аясында жүзеге асып отыр",-дейді мамандар. БҚО-да нан шығарумен айналысатын 46 кәсіпорын бар. Олардың қажеттілігін қамту үшін "Белес" агро кешенінде 365 тонна бидай диірменде тартылып, ұнға айналады. Зауыттан сауда орындарына нанның әр қалашы 43 теңгеден жеткізілсе, 45 теңгеден саттыққа шығады. Нан өндірушілерге жарықты әр киловаты үшін 2 теңгеге азайтудан электр таратушылар шамалы ғана ұтылар. Есесіне баға өсімінің алдын алып, тұрақтылықты сақтауға, Отандық өндірісті қолдауға өзіндік үлестерін қосып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.