Warning: file_get_contents(/www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/rates_all.xml): failed to open stream: No such file or directory in /www/wwwroot/tdk42.kz/wp-content/themes/tdk42/functions.php on line 327

Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін күрделі жөндеу басталды

c 00:00, 13/05/2015 c 696

0:00 / 0:00

"Лесная сказка" балабақшасының бой көтергеніне биыл 54 жыл толып отыр. Ғимараттың қандай апатты жағдайда екенін ата-аналар да талай айтқан болатын. Ал биыл, сметалық жобасы алдын ала құрылған мекемені күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен қаражат табылды. Сондықтан балабақшадағы 100-ден астам бүлдіршіннің 70-і уақытша өзге бөбекжайларға ауыстырылған. Мердігерлер жөндеуді тамыз айының аяғы, қыркүйек айының басына тәмам аяқтауды жоспарлап отыр. Қабырғасынан басқа барлық бөлігін жаңалап, коммуналдық желілерін жаңғыртуда олар уақыттан гөрі құрылыстың сапалы, қауіпсіз болуына аса көңіл бөлетіндерін айтады.Қалалық білім бөлімі биылғы жылы тек "Лесная сказка" ғана емес, тағы бірнеше балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін айтады. Айта кетейік, биыл 5 білім нысанын күрделі жөндеуге "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 345 млн жұмсалғалы отыр. Бұл қаражатқа бірінші кезекте мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жаңғыртылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.