Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында мектеп оқушысын тонап кеткен ұры тұтқындалды

c 18:04, 20/11/2019 c 469

0:00 / 0:00

Оқиға 27 қазан күні  кешкі сағат 18.15 шамасында  Мұхит көшесіндегі үйіне қарай бет алған тұста болған. Үйдің кіреберісіне жақындағанда артқы жағынан бейтаныс алып денелі ер адам тамағынан қысып, тұтшықтырып, жеке заттарына тарпа бас салып жабысады. Жасөспірімнің қолынан жеке заттарын жұлып алып, корпусы ақ түсті "Самсунг Галакси" маркалы қымбатқа бағаланатын ұялы телефонын күштеп тартып алып, оқиға орнынан бой тасалайды. Қылмыскер "төңіректен біреулер көріп қояр", -деп роликті сол маңға тастап кеткен. Аталған істі Абай Пб криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері қолға алып, 17 қарашада қылмысты ашты. Ұялы телефон жасөспірімге кері қайтарылды. Қылмыскер А есімді азамат, 1989 жылғы, бұрын сотталған көрінеді. 2019 жылдың 10 айында қала орталығында 113 кісі тонау фактісі тіркелген. Жалпы тіркелген қылмыс саны 2018 жылдың 10 айында 2460-ты құраса, биылғы жылдың есепті мерзімінде 2143 болып тіркеліп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.