0:00 / 0:00
Бұл туралы тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы хабарлап отыр. Бұл жерде тазалық сақшылары қызу жұмыс үстінде. Тұрғындардың назарын олар, дауыс ұлғайтқыш арқылы аудартып, үстел басына шақыртты. Бұл жерде экспрес-талдаулар жүргізіледі. Нитратометрден бірден заңбұзушылықты байқадық. Егер де 1 келі қарбызда 60 миллиграм нитрат болу керек болса, өлшегіш құрал 240ты көрсеткенін аңғаруға болады. Яғни ағзаға зиян нитраттар 4 есеге көп. Орталық базар маңында, жеміс жидектен басқа, балық пен ет өнімдері сатылуда. Санитар мамандар бұл өнімдерді де тексеріске алды. Қортындысы, өкінішке орай, көңіл көншітпейді. Тұтынушыларға санитарлық қызмет мамандары, саудагерлерден тауар сапасына өткізілген тексеріс құжаттарын талап етуге кеңес береді, және де тауарды арнайы орындардан сатып алған абзал деп сендірді. Тексеріс нәтижесіне қарамастан тұрғындар нитрат мөлшері көп тауарларды үйлеріне алып кетіп жатырды. Тіпті улану қауіпінен де қорықпайтын сынайлы.