Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің ескерткіші ашылды!

c 00:00, 29/06/2015 c 891

0:00 / 0:00

Сондай-ақ сәулет өнерінің үздік туындысы саналатын ақынның атындағы мәдениет және өнер орталығы қолданысқа берілді. Бұл күні еліміздің игі жақсылары мен жайсандары Жайық өңірінен табылып, салтанатты рәсімге куә болды. Әсем ғимараттың 150 орындық концерт залы және амфитеатры өзіндік ерекшелігімен теңдесіз болып, демалыс орындарының қатарын арттырып отыр. 1 аптаға созылар мемлекеттік қызметшілер және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы семинарға бас қосқандардың дені - жастар болды. Семинар мақсаты - Елбасы Нұрсұтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған басым бағыты - жастардың жанжақтылығын жетілдіре отырып, олардың арасындағы этносаралық қатынастар мен ұлтаралық татулықты нығайту жолына бағытталып отыр. Семинар барысында түрлі діни ағымдар мен секталар, жемқорлық, саяси ахуал сынды сан тақырыптың бүгінгі жәйі кеңінен талқыланды. Айталық, ұйымдастырушылар ел арасында діни экстремизмнің алдын алу және өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу, халық арасында рухани келісім мен діни төзімділікті насихаттау, жастар тәрбиесіндегі діннің рөлін аша көрсетті.Бұл жастардың, діни бағыт ұстанған тұрғындардың адаспауына, тура жолды таңдауына өз септігін тигізері сөзсіз. Мемлекеттің негізін құраушы - жастар болса, осы ел жастарының бүгінгі қоғам ахуалынан хабардар болуы маңызды мәселердің бірі болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.