Осыған байланысты таңғы сағат 9-дан сағат күндізгі сағат 15.00-ге дейін автокөлік пен халықтың қозғалысына шектеу қойылады. Оқу-жаттығу "Мамандандырылған ХҚКО" ауданы мен "ЖайықМұнай" кәсіпорнында, Теннис орталығында , сондай-ақ Тұңғыш Президент атындағы алаңда өтеді. Осыған орай, құқық қорғау органдары қала тұрғындарын өткізілетін шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде тыныштықты сақтауды өтінеді.