0:00 / 0:00
Осылай деп дабыл қаққан тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жолаушыларына сақ болуды ескертеді. Биыл өзгенің қалтасына түсу бойынша тіркелген 100 қылмыстың 3-тен 1 бөлігі ғана ашылыпты. Полиция қызметкерлері жолаушы тасымалдаушыларды автобустар ішінде бейне бақылау қондырғыларын орнатуға шақырды.
Жолаушы көліктері адамға лық толатын мезеттер қалта ұрылары үшін қолайлы сәт. Әккі ұрылар өз істерін өте тез, ешқандай айғақсыз, куәгерсіз орындап, табандарын жалтыратады екен. Көбіне олар топтасып жұмыс жасайды, біреуі адамның назарын басқа жаққа аудартса, екіншісі оңай олжаны қырағы көзімен бағып отырады. Ал үшіншісі қылмысты атқарушы.
Полиция қызметкерлері қалта ұрыларына қарсы жедел алдын алу шарасын өткізетіндерін мәлімдеді. Автобус салондарында жолаушыларға ескерту жарияланған плакаттар ілініп, парақшалар таратылды. Қылмыспен күрестің ең тиімді жолы-бейне бақылау қондығысын орнату. Бірақ жолаушы тасымалдаушылар әзірге мұндай қондырғыға қол жеткізу қиындау болатынын айтады. Қалта ұрылары жөнінде ақпарт білетін немесе кугер болған жандар болса, қылмысты ашуға өз үлестерін қоса алады. Оларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы төленеді. Негізінен ұрылардың көбі есепте тұр. Биыл тәртіп сақшылары жәрдем көрсеткен жандарға алғыс ретінде сыйақы төлеуге 4 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырылған.