Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында билік апатты үйлер мәселесін шешуге білек сыбана кірісті

c 16:09, 09/10/2018 c 879

0:00 / 0:00

Биылғы жыл соңына дейін облыс орталығында 7 апатты үйді сүру көзделіп отыр. Осы мақсатта аймақ басшысы Алтай Көлгінов пен Орал қаласының әкімі мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша жұмыс жүріп жатырған бірнеше нысанды аралап шықты.

Бұл 1958 жылы салынған ғимарат Скоробогатов көшесінің бойындағы 2 қабатты апатты нысан сүріп, орнына жаңа үй салып жатыр. Мердігер "СВС Батыс" ЖШС. Облыс және қала әкімі атқарылып жатырған істің сапасын өз көздерімен бақылап, қойылар талаптарды күшейтуде. Мынау Евразия даңғылының бойындағы тағы бір апатты ғимарат. Бұл жерде мердігерлер тұрғындармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Мәселен, аумағы 30 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтері бар тұрғындар оның орнына 1 бөлмелі пәтер алуға келіспейді.

Бірнеше нысанды аралаған аймақ басшысы мен қала әкімі бастаған топ Гагарин көшесі 1/1 мекен-жайында салынып жатырған үй маңындағы құрылыс алаңына бет бұрды. Апатты үйлердің орнында қазір көп қабатты ғимарат пайда болған.
Орал қаласында 300-ден астам отбасы тұрып жатырған 40 шақты апатты үй бар. Билік өкілдері жақын аралықта мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасымен осы мәселені түбегейлі шешуді мақсат тұтып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.